Өңірдің, оның ішінде шалғайдағы елді мекендердің емханалары мен ауруханалары хирургтарының біліктілігін арттырудың арнайы бағдарламасын Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық клиникалық аурухананың жетекші мамандары құрады. Оның мақсаты емханалық буын дәрігерлері мен стационар дәрігерлері арасындағы өзара түсіністікті арттыру.

2024 жылдың басынан бастап Облыстық ғылыми - әдістемелік орталық, яғни облыстық клиникалық аурухана базасында Балқаш, Абай және Қарағанды ауруханалары мен емханаларының хирургтары тағылымдамадан өтті. Екі апта бойы тағылымдамадан өтуші дәрігерлер стационардың қалай жұмыс істейтінін, диагностика мен емдеу жүргізілетінін бақылап, әріптестерімен қарым-қатынас жасап, операцияларда ОКА хирургиялық орталығының жетекші мамандарына көмек көрсетті.

 “Біздің клиниканың жетекші мамандары тағылымдамадан өтушілермен семинар сабақтарын өткізеді. Қалған уақытта дәрігерлер тағылымдамадан өтушілер олар біздің аурухананың хирургиялық профилінің кейбір бөлімшелерінің резиденттері ретінде жұмыс істейді. Операцияға қатысады, зерттеу негіздерін, әсіресе хирургиялық, урологиялық тактиканы игереді”, - дейді Облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық орталығының жетекшісі Борис Цхай.

Әр екі апталық циклде 6-7 хирург дәрігер тағылымдамадан өтеді. Бағдарлама 2024 жылдың сәуіріне дейін есептелген. Осы уақыт ішінде біліктілік деңгейін арттырудан облыстың барлық қалалары мен аудандарынан дәрігерлер өтеді.

 “Тағылымдама жоғары деңгейде өтті. Болашақта үлкен көмек болады. Білікті мамандар. Тек жас мамандар ғана емес, сонымен қатар өмір тәжірибесі мен үлкен тәжірибесі бар мамандарға да оқитын көп нәрсе бар” – деп, №1 емхананың хирургі Қайрат Тугельбаев атап өтті.

“Біздің тарапымыздан стационарлармен ынтымақтастық өте маңызды. бастапқыда пациенттер бізге келетіндіктен, біз оларды стационарға жібереміз. Біз жетістікті ауруханадан шығарғаннан кейін ғана көреміз, ал мұнда біз емдеудің келесі кезеңдеріне тікелей қатыса аламыз”, - деп толықтырды Қарағанды қаласының № емханасының хирургі Арман Каримов.