Түркиядан келген дәрігерлер облыстық клиникалық аурухана базасында акушер-гинекологтарға арналған тренинг өткізді. Оқыту тренинг-семинары үш күн өтті және босану кезіндегі монуалдық дағдыларға арналды. Түркияның гинекология мамандары Доктор Гекченур ГЕНЕНЧ пен Маннапова Малика әріптестерімен босану кезінде жатырішілік баллонды тампонада мен вакуумды қолдану тәжірибесімен бөлісті, кесарь тілігі кезінде жатырға әртүрлі тігістер салу туралы айтты, күрделі босану кезінде қолданылатын тиімді әдістерді талдады. Қарағанды Акушер-гинекологтары теориялық және практикалық сабақтардан өтіп, қорытындысы бойынша сертификаттар алды. Тренингті Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды