Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Кульгинов Қарағанды облысының ауруханаларына, оның ішінде облыстық клиникалық аурухананың № 1 перинаталдық орталығында болды.

Қарағанды облысында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыртудың Ұлттық жобасы аясында 92 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарлануда.

Салынатын нысандардың ішінде 47 медициналық пункт, 34 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 дәрігерлік амбулатория бар. Жоба сонымен қатар Балқаш және Теміртау қалаларының жұмыс істеп тұрған орталық ауруханаларын күрделі жөндеу және медициналық жабдықтармен: КТ, МРТ, ангиографпен, сараптамалық сыныптағы УДЗ аппараттарымен, реанимация бөлімшелеріне, операциялық және т. б. жабдықтармен жарақтандыруды көздейді.

Қарағанды облысы үшін өзекті мәселе дәрігерлердің тапшылығы болып табылады. Барлығы 66 маман қажет, оның ішінде терапевттер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, фтизиатрлар, онкологтар және басқалар. Бұл міндетті шешу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткен жылы 156 жас дәрігер жұмысқа орналастырылды, оның 39 ауылдарда. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бейінді мамандарды даярлауға 182 грант бөлінді. Ағымдағы жылы Қарағанды облысының әкімдігі ауылдық жерлерге жұмыс істеуге жіберілген медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдаумен, сондай-ақ 1,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі көлемде көтерме жәрдемақылармен қамтамасыз ету мәселесін қарастыруда.