120 студент облыстық клиникалық ауруханада тәжірибеден өтті.Қарағанды облыстық жоғары Мейіргер колледжінің @karmedkolledzh.edu.kz студенттері екі айдан астам уақыт бойы Облыстық клиникалық аурухананың орталықтарында тәжірибеден өтті. « Мейіргер ісі» және «Акушерлік іс» мамандықтарына 120 оқушы 4 бағыт бойынша - педиатрия, акушерлік іс, терапия және хирургия бойынша бөлінді. Студенттер дәрігерлерге қабылдауға көмектесті, зерттеулер мен емшаралар жүргізді .Тәжірибе қорытындысы бойынша студенттердің жартысы Облыстық клиникалық ауруханаға жұмысқа орналасу туралы өтініш алды.