Тиісті дәріхана практикасы стандарты (GPP) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етеді, тиісті дәріхана практикасына және сапаны басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

Мақсатқа жету және пациенттердің сұраныстарын толық қанағаттандыру үшін ҚО ДСБ «Облыстық клиникалық ауруханасы» КМК Қарағанды қаласы, Назарбаев даңғылы, 10а құрылыс мекенжай бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсетуге арналған дәріханасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 04 ақпандағы №ҚР ДСМ-15 «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» министрдің м. а. бұйрығының талаптарына сәйкес GPP әзірледі және енгізді.

2023 жылғы 07-08 маусымдағы алғашқы жүргізілген инспекция нәтижелері бойынша ҚО ДСБ «Облыстық клиникалық ауруханасы» КМК басшысына жарамдылық мерзімі 5 жылға GPP тиісті дәріхана практикасының талаптарына сәйкестігі туралы сертификат табыс етілді. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті басшысы Ольга Смирнова ҚО ДСБ «Облыстық клиникалық ауруханасы» КМК жанындағы дәріханада сапа жүйесін енгізу медициналық ұйымның пациенттерін қауіпсіз, тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге, барлық процестерді ашық етуге және сапалы фармацевтикалық қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді деп атап өтті.