МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады.
МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:
✅️ профилактикалық медициналық тексерулер;
✅️ учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
✅️ созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
✅️ уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
✅️ халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
✅️ диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
✅️ мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
медициналық оңалту;
✅️ стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
2023 ЖЫЛЫ МӘМС ЕСЕБІНЕН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІ КІМ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стоматологиялық қызмет көрсету үшін стоматологиялық клиникалармен тікелей келісімшарттар жасай бастады. Бұрын шарт емханалар арқылы жасалып келді.
Бұл пациенттерге әсер ете ме, Қормен жұмыс жасайтын клиникаларды қалай табуға болады, тісті емдеуге жолдама керек пе – осы және өзге де өзекті сұрақтарға Қор өкілі Ақерке БЕЙСЕМБАЕВА жауап берді.
МӘМС-ТЕГІ МӘРТЕБЕ ТУРАЛЫ 10 МАҢЫЗДЫ ФАКТ
✅ Сақтандыру мәртебесінсіз сіз жоспарлы медициналық көмек ала алмайсыз, тар бейінді маманның қабылдауында бола алмайсыз немесе тексеруден өте алмайсыз.
✅ Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді бірнеше тәсілмен тексеруге болады: fms.kz. сайтында, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы немесе eGov.kz жеке кабинетте ЖСН нөмірі бойынша.
✅ МӘМС төлемдері бойынша 12 айға толық үзінді көшірмені Телеграмдағы Saqtandyrubot арқылы алуға болады. «Сақтандырылу мәртебесін анықтау» тармағын таңдап, ЖСН енгізу қажет.
✅ МӘМС-ға төлем жасағаннан кейін мәртебе бірден өзгермейді, бірақ 3 жұмыс күні ішінде өзгереді. Медициналық ұйымға барар алдында міндетті түрде мәртебені қайта тексеру қажет.
✅ Сақтандырылу мәртебесі соңғы төлем жасалғаннан кейін тағы 3 ай бойы сақталады. Алайда, бірінші мүмкіндік болған жағдайда, 3 ай өткеннен кейін мәртебесін жоғалтпау үшін осы кезең үшін жарна төлеу қажет болады.
✅ Сақтандыру мәртебесін алу үшін соңғы 12 ай бойы төлемдерді жүйелі түрде жүргізу қажет. Егер кем дегенде бір айды өткізіп алса, мәртебе берілмейді.
Тек өзін-өзі жұмыспен қамтыған БЖТ төлеушілер ғана ерекшелік болып табылады.
✅ Бірыңғай жиынтық төлемді қатарынан 3 ай бойы төлеген кезде тұрақты мәртебе үшінші айға беріледі және одан әрі тұрақты төлемдер болған жағдайда сақталады.
✅ Кейбір Қазақстандықтарда сақтандырылудың жеңілдікті мәртебесін алу мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда 15 жеңілдік санаты қарастырылған, олар үшін МӘМС-ға мемлекет аударымдар жасайды. Бұл туралы толығырақ ақпаратты біздің алдыңғы жазбаларымыздан таба аласыз.
✅ Жеңілдік санаттарының бірі-жүкті әйелдер. Жүктілік бойынша мәртебесі болмаған жағдайда оларды учаскелік терапевт немесе жалпы практика дәрігері есепке қояды.
✅ Егер Сіз БЖТ төлеуді тоқтатсаңыз немесе жеңілдікті санаттар тізімінен шықсаңыз, МӘМС жарналарын өз бетіңізше аударуды жалғастыра аласыз. Бірақ мәртебе алу үшін Сіз үзінді көшірмені тексеріп, бұрын өткізіп алған барлық айлар үшін ақы төлеуіңіз керек.
МӘМС-ҒА ЖАРНА ТӨЛЕУДЕН КІМ БОСАТЫЛДЫ?
Егер Сіз келесі жеңілдік санаттарының біріне кірсеңіз, мемлекет Сіз үшін МӘМС жарналарын төлейді.
Егер Сіз тізімде жоқ болсаңыз-растайтын құжаттардың тізімін жинап, оны ХҚКО-ға ұсыну қажет. Ақпаратты растау үшін ол мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.
Жеңілдік санатына кім кіреді?
✅ балалар
✅ жұмыс істемейтін жүкті әйелдер
✅ баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)
✅ жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар
✅ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар
✅ мүгедек баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар
✅ бала кезінен мүгедектерге күтім жасаушылар
✅ мүгедектер
✅ зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері
✅ орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар
✅ жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар
✅ жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар
✅ жұмыс істемейтін оралмандар
✅ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда)сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар
✅ тергеу изоляторларындағы адамдар
https://okbkar.kz/kz/mindetti-leumettik-meditsinaly-sa-tandyru.html#sigFreeId6c92a65fa0