Ақылы қызметтер
Ақылы қызметтер пациенттерге мынадай жағдайларда:
1)өздерінің бастамасы бойынша, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасынсыз медициналық көмек көрсету;
2)тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету;
3)денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
4)тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесіне кірмейтін және (немесе) медициналық көрсетілімдерсіз медициналық зерттеулер жүргізу;
5)тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде санаторийлік-курорттық ұйымдарда көрсетілетін қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6)медициналық көрсетілімдерсіз медициналық-генетикалық зерттеулер;
7)тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделмеген және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру көлемінен тыс медициналық зерттеп-қарау;
8)шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;
9)Кодекстің 83-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады.
8.Ақылы медициналық көрсетілген қызметтер осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың негізінде көрсетіледі.
Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалады.
8.Егер ақылы медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде шартта көзделмеген қосымша медициналық қызметтерді ақылы негізде ұсыну қажет болған жағдайда, ұйым бұл өзгерістер туралы пациентті ескертеді.
9.Егер ақылы медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар, созылмалы аурулардың жай-күйі, асқынуы кезінде пациентке шұғыл медициналық көмек көрсету талап етілетін жағдайда, мұндай медициналық көмек Кодекске сәйкес ақы алынбай ұсынылады.
Егер пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдай мемлекеттік лицензияға сәйкес денсаулық сақтау ұйымының бейініне сәйкес келмесе, онда ақылы қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымы пациенттерді тасымалдауды қоса алғанда, пациентке тиісті денсаулық сақтау ұйымына қол жеткізуді ұйымдастырады.
10.Пациенттерді ақылы негізде емдеуге жатқызу денсаулық сақтау ұйымының ақылы бөлімшелерінде (палаталарында) жүзеге асырылады.
11.Пациенттерді Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен қамтамасыз етуді денсаулық сақтау ұйымдары пациенттің жазбаша келісімімен ақылы негізде жүзеге асырады.
12.Ақылы қызметтер көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйелерінде бастапқы есепке алу мен есептік құжаттама жүргізуді жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгізілмеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелмеген, біржолғы әкелу арқылы әкелінген дәрілік заттарды сатып алуды қоса алғанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде емдеуде жүрген пациенттерге ақылы медициналық қызметтер көрсетудің әрбір жағдайы Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша есептік медициналық құжаттамада негізделе отырып көрсетіледі.
Денсаулық сақтау субъектілері 9 қайта қараудағы (АХЖ-9) Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуінің, 10-қайта қараудағы (АХЖ-10) Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуінің кодына сәйкес есепке алу нысандарын уақтылы және дұрыс толтыруды қамтамасыз етеді.
13.Ақылы қызметтерді алушыларға денсаулық сақтау ұйымдары:
1) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде медициналық қорытындыны Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша есептік медициналық құжаттамада негізделе отырып көрсетіледі;
2)стационарлық, стационарды алмастыратын көмек, оның ішінде қалпына келтіру (оңалту) емін жүргізу кезінде және паллиативтік көмек көрсету кезінде сырқатнамадан шығару эпикризін;
3) қызметтердің саны мен құнын көрсете отырып, көрсетілген қызметтердің тізбесі туралы ақпаратты ұсынады.
https://okbkar.kz/kz/patsientterge-zhadynama.html#sigFreeId19ec112eb8