2025 жылғы 27 сәуірден 3 мамырға дейін Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) өткізіледі, оның мақсаты халықты жұқпалы аурулардың алдын алу үшін (вакцинамен басқарылатын инфекциялар) иммундаудың маңыздылығы туралы хабардар ету болып табылады.

Биылғы жылы ЕНА «Барлығына иммундауға қол жеткізу - біздің қолымызда» ұранымен өткізіледі.

Қазақстанда иммундау мәселелері денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Халықты вакцинациялаудың арқасында дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызамық, індеттік паротит, қызылша, В вирустық гепатиті, полиомиелит, туберкулез, гемофильді жұқпа сияқты инфекциялармен сырқаттанушылық деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізілді. Соңғы 16 жылда профилактикалық егулер күнтізбесі профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесін кеңейту есебінен үлкен өзгерістерге ұшырады, аралас екпелер енгізілуде. 2008 жылы гемофильді жұқпаға қарсы егу күнтізбеге енгізілді. Гемофильді жұқпаға қарсы екпені енгізу кезінде елімізде нәрестелер өлім - жітімі (20,2%) және гемофильді таяқшаға байланысты менингоэнцефалиттің ауыр түрлерімен ерте жастағы балалардың аурушаңдығы айтарлықтай төмендеді. 2009 жылы екпе егу күнтізбесіне пневмококк инфекциясына қарсы екпе егу енгізілді. 2024 жылдан бастап - адам папилломавирусына қарсы вакцина. Қатерлі ісік қаупі жоғары адам папилломавирусы жатыр мойны обырының дамуының негізгі этиологиялық факторы болып табылады. 97% жатыр мойны обыры осы вируспен байланысты.

Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесімен қатар эпидемиялық көрсеткіштер бойынша егу күнтізбесі де бар. Бұл егулер жеке аумақтарда немесе халық арасындағы белгілі бір топтарда жасалады, мысалы, А гепатитіне, тұмауға, кене энцефалитіне, туляремияға, күйдіргіге, құтырмаға қарсы егу.

Қазақстанда вакцинация міндетті болып табылады:

- БЦЖ балаларға 1 - 4 күнде енгізіледі (туберкулезге қарсы);

- ВВГ вакцинасы балаларға өмірдің 1 - 4 күнінде, сондай - ақ 2 және 4 айда енгізіледі (В гепатиті (HBV) қоздырғышы болып табылатын өмірге қауіп төндіретін бауырдың жұқпалы ауруы;

- АбКДС - ВГВ - Хиб - ИPV вакцинасы балаларға 2 және 4 айда енгізіледі (6 инфекцияға қарсы қорғайды: көкжөтел, дифтерия, сіреспе, гемофильді инфекция, В вирустық гепатиті, полиомиелит);

- АбКДС - Хиб - ИPV вакцинасы балаларға 3 және 18 айда енгізіледі (5 инфекцияға қарсы қорғайды: көкжөтел, дифтерия, сіреспе, гемофильді инфекция, полиомиелит);

- ОПВ вакцинасы балаларға 12 - 15 айда енгізіледі (полиомиелитке қарсы қорғайды);

- Пневмо вакцинасы балаларға 2, 4 және 12 айда енгізіледі (пневмококк инфекциясы менингит, сепсис және пневмония сияқты ауыр аурулардың, сондай - ақ жеңіл, бірақ жиі кездесетін инфекциялардың, мысалы, синусит пен ортаңғы құлақтың отитінің себебі болып табылады);

- ҚҚП вакцинасы 12 - 15 айлық және 6 жастағы балаларға енгізіледі (қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы егу). Қызылша - өте жұқпалы вирустық инфекция. Ауа тамшылары арқылы беріледі. Қызылшадан кейінгі ең қорқынышты асқыну - қызылша вирусы миға әсер ететін субакуталық склерозды паненцефалит (PSP) және біраз уақыттан кейін (айлар немесе жылдар) бұл физикалық және психикалық деградацияға және мүгедектікке әкеледі;

- HPV вакцинасы - 11 және 11,5 жастағы қыздарға енгізіледі (адам папилломавирусына қарсы).

Екпе алдымен қауіпсіздік және тиімділік жағынан зертханалық және клиникалық бақылаудан өтеді. Сонымен қатар, өндіруші шығарған екпенің әр партиясын тексеріледі. Екпе қолданатын елде тіркелген кезде мұқият тексеруден өткізіледі.

Екпе егудің көмегімен көптеген жұқпалы аурушаңдықтардың салдарынан болатын аурулар мен өлім - жітім санын едәуір азайтуға болады, ал кейбіреулері толығымен жойылады (табиғи шешек, полиомиелит).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын 1,5 миллиардтан астам адам немесе жалпы халықтың шамамен 1/3 бөлігі иммундау рәсімінен өтеді.

Иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты аурушаңдықтың алдын алу, ал сырттан әкелінген жағдайда - жұқпалы ауруларды оқшаулауға және жоюға бағытталған.Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес халыққа екпе егу тегін жүргізіледі.


Жатыр мойны обыры - уақтылы емделмесе өлімге әкелуі мүмкін қауіпті ауру.

Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1700-ге жуық жаңа жағдайы тіркеліп, осы дерттен 600-ге жуық әйел қайтыс болады.

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады!

Бұл аурудың даму қаупін азайту және денсаулықты сақтау үшін карусельде көрсетілген жатыр мойны обырының алдын алу бойынша ұсынымдарды орындаңыз.

View the embedded image gallery online at:
https://okbkar.kz/kz/salauatty-mir-salty.html#sigFreeId6f26fdb7f8


10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні: жұмыс орнындағы психикалық денсаулық туралы ойлаңыз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қолдауымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасы бойынша 1992 жылы бекітілген Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні 10 қазанда атап өтіледі. Бұл күн халықаралық денсаулық сақтау жүйесінде психикалық денсаулық проблемалары туралы хабардарлықты арттыруға және оның алдын алудың, емдеудің және нығайтудың қол жетімді әдістеріне назар аударуға бағытталған маңызды оқиғаға айналды.

Психикалық денсаулық адамның жалпы денсаулығының негізгі элементі болып табылады. Ол күнделікті қиындықтармен күресу білу, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру, өнімді еңбек ету және қоғамға үлес қосу қабілеттерінен тұрады. ДДСҰ депрессияның жне психикалық бұзылыстардың еңбек өнімділігін төмендетуіне байланысты жыл сайын айтарлықтай экономикалық шығындарға әкелетінін хабарлайды.

2024 жылы Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнінің тақырыбы ретінде жұмыс орнындағы психикалық денсаулық тақырыбы таңдалды және «Жұмыс орнындағы психикалық денсаулық» ұранымен өткізілді, өйткені жұмыс орнындағы қолайыз жағдай, оның ішінде стигматизация, кемсітушілік және басқа да қауіпті жағдайлар мен өндірістік факторлар, олардың психикалық денсаулығына, жалпы өмір сапасына және сайып келгенде, жұмыс істеу қабілеті мен өнімділігіне теріс әсер ете отырып, қызметкерлерге айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін.

Жұмыс ортасы жиі стресске әкеледі және қызметкерлердің психикалық денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың себебі болып табылады. Балаулар бойынша 2019 жылы еңбекке жарамды жастағы адамдардың шамамен 15%-ы психикалық бұзылыстардан зардап шеккен. Дүние жүзіндегі елдер депрессия мен психскалық бұзылыстардың салдарынан жыл сайын 12 миллиард жұмыс күні жоғалтылатыны туралы бағалау жүргізілді, бұл жылына 1 триллион АҚШ доллары мөлшеріндегі өндірістік шығындарға тең.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2024 жылдың бірінші тоқсанында 15 және одан жоғары жастағы адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі 64,8 %, жұмыссыздық деңгейі 4,7 % құрады. Халық арасындағы, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздық пен сапалы білімнің қолжетімсіздігі олардың психикалық денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Қызметкерлердің психикалық денсаулығы ұйымның жалпы жұмысының тиімділігінде маңызды рөл атқарады. Адам қолдау сезінетін жұмыс орны еңбек өнімділігін және қызметкерлердің өмір сапасын айтарлықтай жақсарта алады.

Дегенмен, стресстің жиі кездесуі, эмоционалды шаршау және келіспеушіліктер психикалық денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) жалпы республика бойынша «Жұмыс орнындағы психикалық денсаулық» ұранымен ақпараттық науқан өткізуде.

ЖҰМЫС ОРНЫНДА ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР:

  1. Тайм-менеджментке дағдылану – уақытты дұрыс жұмсамау стресс пен эмоционалды шаршаудың себебі болуы мүмкін. Артық жүктеме сезімін азайту үшін тапсырмаларды тиімді жоспарлау және басымдық беру әдістері ұсынылады.
  2. Қолдаушы орта – қызметкерлер өздерінің қиындық тудырып жүрген мәселелерін ашық айта алатындай қарым-қатынас мәдениетін құрыңыз
  3. Кәсіби көмек – қиындықтарға кездескен қызметкерлерге кәсіби көмек алуларына жағдай жасаңыз.
  4. Физикалық белсенділік және белсенді релаксация әдістері – үнемі дене жаттығуларымен айналысу стресс деңгейін төмендетіп, көңіл-күйді жақсартады.
  5. Жетістіктерді тану және мадақтау – қызметкерлердің жетістіктерін назардан тыс қалдырмау олардың өзін-өзі бағалауын жақсартады және сенімділігін арттырады.
  6. Стресске тұрақтылық бойынша тренингтер – қызметкерлерге өзін-өзі реттеу және стресс-менеджмент әдістерін үйретіңіз.
  7. Қауіпсіз жұмыс ортасы – бұл физикалық қауіпсіздік, сонымен қатар психологиялық қолдау дегенді білдіреді.
  8. Командалық рухты күшейту бойынша іс-шаралар – бұл қызметкерлердің арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және күрделі жағдайларды төмендетуге көмектеседі.

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні – бұл проблеманың маңыздылығына назар аудару мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар әрқайсымызды әрекет етуге шақыру. Күшімізді біріктіру арқылы ғана біз әрбір адам өзінің қорғалғанын және қолдау көрсетілгенін сезіне алатын және психикалық денсаулық қоғамның барлық таптары үшін маңызды болатын ортаны құра аламыз.


View the embedded image gallery online at:
https://okbkar.kz/kz/salauatty-mir-salty.html#sigFreeId0b93f3d9ee


Атауы Жүктеу
1  ЖРВИ

.


Тұмау мен ЖРВИ алдын алу

View the embedded image gallery online at:
https://okbkar.kz/kz/salauatty-mir-salty.html#sigFreeIdc8433f3af8


Атауы Жүктеу
1 Жұқпалы тері ауралырының алдын алу
2 Профилактика заразных кожаных заболеваний
3 Памятка педикулез каз
4 Памятка педикулез рус

Құрметті ата-аналар! Баланың қауіпсіздігі ересектердің сақтығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Баланың терезеден құлап кетуіне байланысты апатты болдырмау үшін сізге келесі ережелерді ұстаныңыз‼️

View the embedded image gallery online at:
https://okbkar.kz/kz/salauatty-mir-salty.html#sigFreeId38ba3e543e