Құрметті пациенттер сіздерді біздің сайтта қарсы алуға қуаныштымыз.

"Облыстық клиникалық аурухана" КМК-да Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі жұмыс істейді. Біздің жұмысымыздың мақсаты-стационарда болу және клиникалық-диагностикалық емханада консультациялық көмек алу кезінде сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету. Егер сізге, біздің қызметкерлер тарапынан дөрекілік көрсетсе, қажетті ақпаратты бермесе, құқықтарыңыз бұзлса, сапасыз медициналық көмек көрсетсез, қолдау қызметіне хабарласуыңызға болады. Біздің кабинет Ерубаев көшесі, 15 мекенжайындағы әкімшілік корпуста орналасқан.

Біздің байланыстар:

8 (7212) 41-40-45

8 776-528-14-63

Сондай-ақ, сіз өзіңіздің жазбаша өтінішіңізді аты-жөніңізді, тұрғылықты жеріңізді, байланыс телефондарын біздің сайттың "Интернет-қабылдау"бөлімінде қалдыра аласыз.

Біздің жұмысымыздың сапасын жақсарту үшін айтылған шағымдар үшін Сізге алғыс айтамыз.

Біз мынаған кәміл сенеміз: медициналық тәжірибеге қандай күрделі диагностикалау мен емдеу әдістері енгізілсе де, медициналық көмектің табысты болуы дәрігер мен пациент арасындағы әріптестік қарым-қатынас, өзара сыйластық пен сенімге байланысты. Облыстық клиникалық ауруханадағы медициналық көмектің жоғары сапасының кепілі — білікті медициналық қызметкерлер, заманауи техникалық жабдықтар және өз денсаулығын бізге сеніп тапсырған әрбір адамға мұқият әрі ілтипатты көзқарас.