Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері Шахтинск қаласында көшпелі кеңестер өткізді. Қабылдауды репродуктолог, акушер - гинеколог, нефролог, ревматолог, гастроэнтеролог, эндокринолог және уролог мамандары жүргізді. Бір күнде мамандар Шахтинск қаласының 90-ға жуық тұрғынына кеңес берді. Олардың бір бөлігі облыстық клиникалық аурухана орталықтарында қосымша тексеру және ауруханаға жатқызу үшін ұсыныстар алды. Осы аптада ОКА дәрігерлері Абай ауданының тұрғындары үшін кеңестер өткізеді, наурыз айында Абай және Саран қалаларына бару жоспарлануда. Облыстың елді мекендерінде көшпелі қабылдауларды Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырады және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін өткізіледі