Аудан тұрғындарына кардиолог, гастроэнтеролог, ревматолог және уролог кеңес берді. Бір күнде мамандар 100-ге жуық науқасты қабылдады. Олардың бір бөлігі облыстық клиникалық ауруханаға қосымша тексеруге және ауруханаға жатқызуға жіберілді.
Шалғайдағы елді мекендерге жетекші мамандарды көшпелі қабылдау облыстың денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған. Ақпан айының соңына дейін ОКА дәрігерлерінің көшпелі қабылдаулары Абай ауданында өтеді. Наурыз айында Саран мен Абайға сапарлар жоспарланған.