Абдрахманов Қайрат Темірұлы Облыстық клиникалық аурухананың директоры болып тағайындалды. Бүгін жаңа басшыны ұжымға Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлегенова Бибігүл Райханқызы таныстырды.
Қайрат Темірұлы Абдрахманов Қарағанды медициналық университетін (ҚМУ) және Қарағанды экономика университетін (ҚЭУ) («Экономика саласындағы құқықтық реттеу») тәмамдаған.
1995 - 2001 жылдары ҚМУ-дің травматология, ортопедия және шұғыл хирургия кафедрасында жұмыс істеді.
1999 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.
2001 - 2005 жылдары Шахтинск қаласының Орталық қалалық ауруханасының директоры болды.
2005 - 2006 жылдары Қарағанды қаласындағы Х. Макажанов атындағы көпсалалы клиникалық аурухананың директоры қызметін атқарды.
2006 - 2008 жылдары Қостанай қаласындағы «ТЭС-Медикал» медициналық департаментінің директоры болды.
2008 - 2024 жылдары Облыстық психоневрологиялық диспансерінің директоры болып жұмыс істеді. Жоғары біліктілік санаттағы дәрігер - ұйымдастырушы және медицина ғылымдарының кандидаты болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Темірұлы Абдрахманов Денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған Ержан Шәкірұлы Нұрлыбаевтың орнына келді.