Жаңа бөлімшенің басты бағыты - науқастардың қауіпсіздігі. Ол үшін мұнда науқастардың жағдайын қамтамасыз етудің, мониторингінің және бақылаудың ең жаңа жүйелері қарастырылған. Палаталар заманауи жасанды тыныс алу аппараттарымен, кардиомониторлармен және инфузоматтармен жабдықталған, бұл дәрігерлерге науқастардың жағдайындағы кез келген өзгерістерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Инфекциялық қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлінген: жеке бокстар, ауаны сүзу және зарарсыздандыру жүйесі қарастырылған.
Бөлімшенің персоналы - мамандандырылған дайындықтан өткен тәжірибелі реаниматологтар мен медбикелер. Олар медициналық көмекті уақтылы көрсету және науқастардың максималды жайлылық пен қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істейді.
Реанимациялық блоктың ашылуы - өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуындағы маңызды қадам, ол көптеген адамның өмірін сақтап қалуға және Қарағанды облысындағы медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.