Облыстық клиникалық аурухана телемедицина бойынша пилоттық жобаның үйлестіру орталығы атанды.

15 қыркүйектен бастап телемедицина елдің сегіз өңірінде, оның ішінде Қарағанды облысында да қолжетімді болды.

Жоба ең алдымен ауыл тұрғындарына медициналық көмекті жақсартуға бағытталған.

Енді ауылдық медициналық пункттер мен ФАП-тарда мейірбикелер телемедициналық құрылғылар арқылы пациенттердің деректерін онлайн жіберіп, дәрігерлер қашықтан кеңес бере алады.

📍 Қарағанды облысында пилоттық аймақ ретінде Шет ауданы таңдалды.

Жобаға 7 ұйым қатысуда, ал үйлестіру орталығы болып Облыстық клиникалық аурухана белгіленді.

 

💻 Қазірдің өзінде 27 телемедициналық сессия өткізілді — кардиолог, эндокринолог, пульмонолог, невропатолог және басқа да мамандардың қатысуымен.

 

Телемедицина мүмкіндік береді:

* дәрігер кеңесін алысқа бармай-ақ алу;

* күту уақытын қысқарту;

* медициналық көмектің сапасын арттыру.