Облыстық клиникалық аурухана қызметкерлері Қазақстан Республикасы күніне орай облыс басшылығынан, кәсіподақтардан, Денсаулық сақтау басқармасынан және аурухана басшылығынан марапаттар алды. Дәрігерлер, мейіргерлер, менеджерлер, клинерлер, қосалқы бөлімшелердің қызметкерлері Облыстық клиникалық аурухана мен жалпы денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Облыс әкімінің құрмет грамотасын гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Надежда Валерьевна Кабдулина табыс етті.
Облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды:
тері-венерологиялық орталығының жетекшісі Лариса Джакупова Пернибековна
КВО бөлімшесінің меңгерушісі, Сембаева Раушан Куанышевна
Балалар ішек жұқпалы аурулар орталығы бөлімшесінің меңгерушісі Кустова Жанна Антанасовна
Акушер гинеколог 1 ПО Байдуанова Гүлмира Құралқызы
«Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «ҚР денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» терапиялық орталығының жетекшісі Руслан Турсунович Ишигов пен хирург Алексей Юрьевич Соболеский марапатталды.
14 адам Денсаулық сақтау басқармасынан, 50-ден астам адам Облыстық клиникалық аурухана мен кәсіподақтардың әкімшілігінен алғыс хаттар алды.













