Медицина ғылымдарының кандидаты, инфекциялық орталықтың инфекционист дәрігері Девдариани Хатуна Георгиевна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысынан денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі және көпжылдық адал еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Биыл Хатуна Георгиевна өзінің 55 жас мерейтойын атап өтті. Бұл мерейлі белестің артында 24 жылдық кәсіби еңбек өтілі, балалардың инфекциялық аурулары бойынша жоғары біліктілік санаты, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі (2009 жылы берілген), сондай-ақ практикалық денсаулық сақтау және медициналық білім беру салаларындағы көпжылдық тәжірибесі жатыр.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін ол инфекциялық аурулар бағыты бойынша қайта даярлаудан өтті. Анестезиолог-реаниматолог дәрігер, клиникалық ординатор болып еңбек етті. 2001 жылдан бері медицина университетінің инфекциялық аурулар кафедрасында оқытушылық қызмет атқарып келеді. Соңғы 12 жыл бойы облыстық клиникалық аурухана ұжымында еңбек етіп, практикалық қызметті, ғылыми жұмысты және жас мамандарға тәлімгерлік етуді қатар алып келеді.