Облыстық клиникалық аурухананың дәрігер-сарапшысы, медицина ғылымдарының докторы Тұрғынов Ермек Мейрамұлы 2025 жылдың «Үздік ғылыми қызметкері» атанды.
Жоғары марапатты оған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі табыстап, медицина ғылымы мен білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Бүгін облыстық клиникалық аурухана ұжымы Ермек Мейрамұлын лайықты марапатымен құттықтады.
Тұрғынов Ермек Мейрамұлы
Облыстық клиникалық аурухананың Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі аудит бөлімінің дәрігер-сарапшысы;
медицина ғылымдарының докторы;
жоғары біліктілік санатындағы дәрігер;
медицина саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар маман;
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры;
клиникалық медицина мен қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған ғылыми және білім беру жобаларының авторы әрі қатысушысы.













