Отбасын жоспарлау орталығында Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «ОКА» ШЖҚ КМК Отбасын жоспарлау және репродуктивтік денсаулық орталығы ұйымдастырған «Табысты ЭКҰ-ға жол: амбулаториялық кезеңнің рөлі» атты шеберлік сабағы өтті.

Іс-шараның негізгі назарында халықтың репродуктивтік денсаулығын нығайту, «Бедеулік» диагнозы қойылған пациенттерді бағыттау жүйесін жетілдіру және қосалқы репродуктивтік технологиялар бағдарламаларының тиімділігін арттыру мәселелері болды.

Іс-шараға жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинекологтар және мейіргер ісі мамандары қатысты. Шеберлік сабағы аралас форматта өтті: қатысушылардың бір бөлігі офлайн қатысса, шалғай өңірлердегі мамандар ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылды.

Шеберлік сабағы барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін практикалық құралдар қарастырылды:
— пациенттерді тексеру мерзімін қысқарту;
— ЭКҰ квотасына құжаттарды тапсыру кезінде комиссияның бас тарту жағдайларын азайту;
— өңірде бедеулікті емдеу нәтижелілігін арттыру.

Іс-шара соңында қатысушыларға ерлі-зайыптыларды тексеруге арналған өзекті чек-парақтар мен тексеру алгоритмдері таратылды.