Облыстық клиникалық аурухананың терапиялық орталығының базасында нефролог дәрігерлер мен реаниматологтарға арналған оқыту семинары өтті.

Семинар жұмысына Қарағанды мен Астана қалаларынан келген сарапшылар қатысты. Спикерлердің бірі – UMC КҚ нефрология және диализ бөлімшесінің меңгерушісі Салтанат Рахымжанова болды.

Кездесу барысында мамандар заманауи нефрология мен диализдік көмектің өзекті мәселелерін талқылады. Ерекше назар мына тақырыптарға аударылды:
▪️ бүйрек ауруларын заманауи диагностикалау;
▪️ тромбоздық микроангиопатияның дамуындағы комплемент жүйесінің рөлі;
▪️ атипиялық гемолитикалық-уремиялық синдромды (aHUS) диагностикалау және практикалық дәрігердің білуі тиіс маңызды аспектілер;
▪️ тромбоздық микроангиопатияны (ТМА) диагностикалау және комплементті бөгейтін терапияны қолдану тәсілдері.

Сондай-ақ семинарға қатысушылар клиникалық тәжірибеден алынған жағдайларды талдап, нефротикалық синдромды диагностикалау мен емдеудің ерекшеліктерін талқылады.

Осындай кәсіби кездесулер дәрігерлерге тәжірибе алмасуға, күрделі клиникалық жағдайларды бірлесіп талқылауға және пациенттерді диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.