Облыстық клиникалық аурухананың қызметкерлері Қарағанды облысының құрама командасы құрамында медицина қызметкерлері арасындағы футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ақтөбе қаласында медицина қызметкерлері арасында футзалдан Қазақстан Республикасының III чемпионаты өтті.

Қарағанды облысының намысын екі команда қорғады:
жастар құрамасы;
35+ санатындағы команда.

Жеңіске жету жолы

Жастар құрамасы турнир барысында сенімді ойын көрсетті:

  • топтық кезеңде 2-орын (Атырау облысының командасына 0:3 есебімен есе жіберді);
    • ширек финалда Маңғыстау облысының командасын 10:2 есебімен жеңді;
    • жартылай финалда турнирдің қазіргі чемпионы – Ақтөбе командасынан 5:2 есебімен есе қайтарды;
    • финалда Атырау құрамасын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Қорытынды – чемпионаттың алтын медальдары және бірінші орын!

Құрама сапында Облыстық клиникалық аурухананың қызметкерлері өнер көрсетті:

  • Щербатаев Ш. К.
    • Мыржықпаев Б. Р.
    • Әділ Б. Б.
    • Бондарев А. А.

35+ санатындағы команда

Биыл 35+ санатындағы команда жүлделі орынға ие бола алмағанымен, өңір намысын лайықты деңгейде қорғады.

Жаттықтырушылардың еңбегі

  • Серіков Мейрам Жалелұлы
    • Төлеубаев Қуат Қуанышбекұлы

Қолдау

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша «AQNIET» кәсіподағы филиалы мен Облыстық клиникалық аурухананың бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен:

  • команда спорттық киіммен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді;
    • қызметкерлердің Қазақстан аумағында өтетін турнирлерге қатысу шығындары өтеледі.