Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері бұрын ерікті хирургиялық стерилизация жасалған пациенттің жатыр түтігінің қызметін қалпына келтіруге көмектесті.
Уақыт өте келе пациенттің өмірлік жағдайы өзгеріп, табиғи жолмен бала көтеруге деген ниеті пайда болды. Осы өтінішпен ол аурухана мамандарына жүгінді.
Пациентке екі кезеңнен тұратын лапароскопиялық операция жасалды:
▪️ бірінші кезеңде – жабысқақ үдерістерді ажырату және жатыр түтігінің қалыпты анатомиялық құрылымын қалпына келтіру;
▪️ екінші кезеңде – жатыр түтіктерінің өткізгіштігін қалпына келтіру мақсатында анастомоз жасалды.
Емдеу нәтижесінде:
▪️ жатыр түтігінің анатомиялық тұтастығы қалпына келтірілді;
▪️ оның өткізгіштігі расталды;
▪️ функционалдық қызметі сақталды.
Бұл табиғи жолмен жүктіліктің басталуына қажетті барлық жағдайдың жасалғанын білдіреді.
Қазіргі уақытта дәрігерлердің бағалауынша, болжам қолайлы.













