Облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Биылғы жылы бірінші рет. Балалар үйіне шығарылды.

 

Үшемнің анасы Шынар Шаушекова ОКА перинаталдық орталығына 18 мамырда 30 аптаға жуық жүктілік мерзімімен түскен. Келесі күні оған кесарьлық кесу операциясы жасалып, 3 қыз дүниеге келді. Балалардың салмағы 1100 гр, 1350, 1130 гр болды және бастапқыда жаңа туған нәрестелердің реанимациясында болды. Кейін оларды жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырды, онда балалар күш жинап, салмақ қосты. Осы аптада ауруханада екі ай жатқаннан кейін анасы мен жаңа туған нәрестелер үйіне шығарылды. Қыздарға Азиза, Ғазиза және Наргиза деген есімдер берлді. Үшемнің анасы үшін бұл бірінші балалары емес, оларды үйде екі үлкен баласы күтеді.