Бүгін Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының №1 перинаталдық орталығынан жүкті кезінде COVID-19-бен ауыр түрде ауырған 36 жастағы Ирина Миронова шығарылды. Әйел өзі мен баласы үшін қатты уайымдағанын айтты, бірақ дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында бәрі ойдағыдай болды.

 

37-ші аптада әйел өзін нашар сезіне бастаған. ПТР тестін жасағаннан кейін ол коронавирус жұқтырғанын білді. – Басында үрей болды. Мені қорқыныш сезімі баурап, өзім үшін және балам үшін қатты алаңдадым.

 

Дәрігерлер кесарь тілігін жасауға шешім қабылдады, – деді әйел. – Сәби дені сау болып туылды, бізде барлық көрсеткіштер қалыпты. Мен дәрігерлерге ризамын. Иринаның күйеуі Александр Халепов те әйелі мен баласы үшін қатты алаңдады. – Біздің үлкен ұлымыз 14 жаста. Бұл біз үшін көптен күткен сәбиіміз. Мен үнемі әйеліммен байланыста болдым. Перинаталды орталықтың дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері оған өте мұқият қарады деп айта аламын. Мен дәрігерлерге олардың қажырлы еңбегі үшін үлкен рахмет айтқым келеді, – деп Александр Халепов медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.