Қарағандыда облыстық клиникалық аурухананың №2 перинаталдық орталығында дабыл түймелері пайда болды. Ал науқастарға арнайы білезіктер беріледі.
SOS жүйесі шұғыл медициналық көмек көрсетуді жеделдетеді.
- Біз жүйені екі апта бұрын енгіздік. Науқастар мен дәріігерлер оны жоғары бағалады. Білезіктер су өткізбейді. Сондықтан оны шомылған кезде де қолдана алады. Барлығы 123 білезік сатып алдық, оларды біздің орталыққа түскен барлық науқастарға береміз. Бұл өте ыңғайлы. Шақыру түскен соң қызметкерлер санаулы минуттарда жауап береді, - деді ОКА №2перинаталдық орталығының жетекшісі Гүлбан Мамалинова.
⠀
Дабыл түймелері тек палаталарда ғана емес, сонымен қатар жуынатын бөлмелерде де орнатылған. Сигнал медициналық қызметкерлердің ұялы телефондарына түседі.
⠀
Перинаталдық орталыққа кіре берісте де шақыру түймесі бар, ол жерден сигнал қабылдау бөліміне түседі. Кезекші дәрігерлер дереу қажетті маманды шақыра алады.
⠀
Жыл соңына дейін SOS жүйесін Қарағандының барлық перинаталдық орталықтарында енгізу жоспарлануда.