Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері Жаңаарқа ауданында көшпелі кеңес өткізеді.
3 күн ішінде - 20, 21, 22 қазан күндері аудан тұрғындары қабылданады:
Нефрология бөлімінің меңгерушісі-Капинос Елена Викторовна
дәрігер-дерматовенеролог-Эйснер Татьяна Владимировна
дәрігер-пульмонолог-Ибрагим Жахангир Тажимұратұлы
эндокринолог-дәрігер-Бимағамбетов Қуанышбек Қайрденұлы
дәрігер-уролог-Нифталиев Эмин Эльдарович
дәрігер-зертханашы-Сайлаубекова бакты Сайлаубекқызы
Дәрігерлер бірінші кезекте кеңес береді:
- д / есепте тұрған пациенттер;
- патологиясы бар жүкті әйелдер
Дерматовенеролог маманы келесі науқастарды қабылдайды :
- тері ауруларымен (оның ішінде балалар)
- урогенитальды трактінің шағымдарымен және ауру көріністерімен (бедеулік, созылмалы простатит, әйелдерде кіші жамбас қабыну аурулары).
- жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тексерілгісі келетіндерге
Көшпелі консультациялар Атасу (Жаңаарқа ауданы), Қазақстанның 40 жылдығы көшесі, 49 - үй мекенжайы бойынша өтеді.