Акушерия, гинекология және неонатология саласындағы ДДҰ сарапшылары Қарағандыға мониторингтік сапармен келді. №1 перинаталдық орталықта мамандар медициналық ұйымның жабдықталуын қарап, босандыру қызметіне баға берді, далалық жаттығулар өткізді, пациенттермен әңгімелесті. № 1 СКБ перинаталдық орталығы жүкті, босанатын және экстрагениталдық патологиясы бар босанған әйелдерге перинаталдық көмек көрсету бойынша 3 деңгейге жатады. Жыл сайын мұнда бес мыңға жуық сәби дүниеге келеді.
2000 жылы перинаталдық орталық ДДҰ /ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша "балаға достық қарым-қатынас ауруханасы" мәртебесін алды. Өткен жылы бұл мәртебе расталды.
ДДҰ сарапшылары Түркістан, Ақтөбе облыстары мен Нұр - сұлтанның перинаталдық орталықтарында болады. Сапарлардың нәтижелері бойынша тиімді перинаталдық технологиялар мен антенаталдық күтімді оқыту бағдарламалары қалыптастырылатын болады.