Облыстық клиникалық ауруханаға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов келді. Өңір басшысының денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі орынбасары медициналық-генетикалық консультацияның жұмысымен танысты. Бөлімше ұрықтың дамуындағы патологияны жоғары дәлдікпен анықтайтын сараптамалық кластағы заманауи УДЗ аппараттарымен жабдықталған. Уақытылы диагноз қою жүктілікті сақтау кезінде одан әрі тактиканы анықтауға мүмкіндік береді.
Сононымен қатар әкім орынбасары Ерубаев көш.15а хирургиялық корпусында болды, онда қазір күрделі жөндеу жүріп жатыр. Онда 2 заманауи операциялық бөлме ұйымдастырылады. Осы корпустың бірінші қабатында МЖӘ аясында гемодиализ орталығын ашу жоспарлануда. Ермек Алпысовқа екі хирургиялық корпусты жалғайтын жерүсті өткелі құрылысының жобасы ұсынылды.
Одан кейін облыс әкімінің орынбасары медкеңес өткізіп, өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуы туралы айтып берді. Облыстық клиникалық аурухананың директоры Ержан Нұрлыбаев ОКАорталықтарында жарты жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.