В 2019 году капитально отремонтировали нейроинфекционный боксированный блок. В этом году планируется сделать капремонт третьего корпуса с обновлением инфраструктуры и материально-технического оснащения.
2 Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының инфекциялық орталыгының екінші блогына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ғимаратта желдету, жылыту жүйесі, су құбыры және кәріз желілері жаңартылды, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтар жақсартылды.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жөнделген корпуста болып қайтты.
Екі қабатты ғимарат 1955 жылы салынған. Оның ауданы 2100 шаршы метрді құрайды. Биыл күрделі жөндеу кезінде барлық инженерлік инфрақұрылым ауыстырылды: су құбыры, кәріз желілері, жылыту және ауа желдету жүйелері. Ауа желдету жүйесі санитарлық шарттарға сәйкес келеді. Ол әр палатада бөлек ауа айналымын қамтамасыз етеді, бұл инфекциялардың таралуына жол бермейді.
Жаңа металл және пластикалық есік блоктары орнатылып, саңылаулар кеңейтілді. Бөлмелердегі ескі линолеум заманауи біртекті жабынмен ауыстырылды.
Ғимараттың қасбеті қосымша оқшауланған және қапталған. Жаңа санитарлық жабдықтар, емдік газбен жабдықтаудың сыртқы және ішкі желілері орнатылды.
Реанимация бөлімі де қайта құрылды. Енді реанимациялық блок қабылдау-диагностикалық бөлімшенің жанында орналасқан.
Жөнделген корпус үшін жаңа жабдықтар сатып алынды: желдеткіштер, төсек жанындағы мониторлар, заманауи ультрадыбыстық аппараттар, олардың бірі стационарлық, екіншісі портативті. Сондай-ақ, өткен жылы орталық үшін қабатты зерттеу мүмкіндіктері бар цифрлық рентген аппараты сатып алынды. Сонымен қатар, медициналық техника мен жиһаз ауыстырылды. Бүкіл ауруханада SOS жүйесі, дабыл түймелері орнатылған.
2019 жылы нейроинфекция бокстелген бөлімше күрделі жөндеуден өтті. Биылғы жылы инфрақұрылым мен материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңартумен үшінші корпусқа күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.