«Қазақ ревматологтар алқасы» ҚБ төрағасы, Еуразиялық ревматологтар лигасының президенті Ғалымжан Тоғызбаев Қарағандыға жұмыс сапарын облыстық клиникалық аурухананың ревматология бөлімінен бастады. Ол дәрігерлермен, резиденттермен кездесіп, бөлімшені аралап, пациенттермен сөйлесті.
ОКА терапия орталығының ревматология бөлімінде 8 ревматолог дәрігер жұмыс істейді. Бір мезгілде бөлімшеде 50 пациент ем қабылдай алады. Тәулік бойғы стационар төсек орындарының саны халық саны қажеттілігіне сай келеді, алайда порталдағы кезектілік 2-2,5 айға созылады. Осыған байланысты бөлімшенің мәртебесін ревматологиялық орталыққа өзгерту туралы мәселе туындады. Облыстық клиникалық аурухана директорымен, кейінірек Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында өңірдің медициналық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде ревматологиялық науқастарды емдеудің қазіргі мүмкіндіктері мен орталықты ұйымдастыру перспективаларын талқылады.
ҚР ДСМ бас ревматологының пікірінше, бастама ревматикалық ауруларды диагностикалау мен емдеуді жақсартуға, осындай жағдайлары бар пациенттерге қамқорлық деңгейін арттыруға ықпал ететін болады. Ревматологиялық аурулармен, сондай-ақ ауруларды зерттеумен айналысатын мамандандырылған орталықтарды Қазақстанның бірнеше қаласында ұйымдастыру жоспарланып отыр.