Жамбыл облысы неонатологтары облыстық клиникалық аурухана мамандарымен тәжірибелерін бөлісті.

Бір апта бойы Облыстық клиникалық аурухананың №1 және № 2 перинаталдық орталықтарында неонатологтар мен неонатология мейіргерлері үшін көшпелі шеберлік - класс өтті. Шберлік-класс жүргізушілері - жоғары санатты неонатолог дәрігер, ұлттық жаттықтырушы неонатология және тиімді перинаталдық күтім жөніндегі консультант Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының неонаталдық қызметінің басшысы Талғат Жорабекұлы Толықбаев және жоғары санатты неонаталдық мейіргер Оқу-клиникалық орталығының тренері Роза Жылқайдарқызы Шалабаева Нұр - сұлтан Ұлттық ғылыми орталығынан оқыту жүргізді. Семинар "Неонатальды инфекциялар. Жаңа туылған нәрестелер Сепсисі" неонатологтар алдын-алу және ауруханаішілік инфекциялардың алдын-алу шараларын талқылады, неонатологиядағы Бактерияға қарсы терапия стратегиясымен бөлісті. ОКА перинаталдық орталықтарының 50-ден астам маманы оқытудан өтті.