Қабылдау-диагностикалық бөлімшенің негізгі бағыты шұғыл және жоспарлы түрде пациенттерді қабылдау болып табылады.
Жоспарлы пациенттерді ауруханаға жатқызу.
Операция алдындағы тексеру, мамандардың кеңестері және жоспарлы науқастарға қажетті операция алдындағы даярлық бөлімше меңгерушісінің немесе хирургиялық қызмет басшысының кеңестерінен кейін амбулаториялық (тұрғылықты жері бойынша) жүзеге асырылады.
Жоспарлы пациенттерді ауруханаға жатқызу операция алдындағы тексеру және анестезиологпен кеңесу мақсатында операция қарсаңында жүргізіледі. Жергілікті анестезиямен операция жасайтын жоспарлы науқастар операция жасалған күні ауруханаға жатқызылады. Тәулігіне орта есеппен 15 – 20 жоспарлы операция жасалады.
ХО ДҚБ пациенттерді шұғыл тәртіппен қабылдау үшін қажеттінің бәрі болуы керек, яғни: пациентті бастапқы тексеру жүргізілетін қарау кереуеттері, Талдау алуды жүргізуге арналған емшара кабинеті, көрсеткіштер анықталған кезде емдеу іс-шараларын жүргізетін ДҚБ палаталары,және ИТП-қарқынды терапия палаталары.
Жалпы хирургия, кеуде хирургиясы, тамырлы хирургия, урология, колопроктология, гинекология, іріңді – хирургиялық инфекция сияқты бағыттағы пациенттерді ХО ДҚБ деңгейінде қабылдау жүргізіледі.
ХО ДҚБ пациенттерді алғашқы тексеру жүргізіледі, УДЗ, ФГДС, ФКС, рентген, ЭКГ, ЭхоКГ сияқты тексерулер, зерттеуге талдау алу (ОАК, ОАМ, қан Б/қ, коагулограмма, қан тобы, МКР, және басқа да көптеген), алдын ала диагноз қою және пациентті басқарудың одан әрі тактикасын анықтау үшін бейінді мамандардың қажеттілігі бойынша, қалыптастыру мақсатында кеңестер жүргізіледі.
Пациенттер ағынын қалыптастыру (қабылдау) ТРИАЖ жүйесінің құралдары бойынша жүзеге асырылады