Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері «Қайратты дәрігер» төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасындағы жұқпалы аурулар қызметінің дамуына сіңірген еңбегі мен өз ісіне адалдығы үшін PhD, қауымдастырылған профессор Жунусов Ержан Сейполович және м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Девдариани Хатуна Георгиевна құрметті төсбелгіге ие болды.

Марапаттар елордада өткен инфекционистердің IV Халықаралық конгресі аясында табысталды. Конгресс балалардағы герпесвирус инфекцияларын диагностикалау, сондай-ақ жедел ішек инфекциялары мен антибиотикке байланысты диареямен ауыратын балаларды емдеу тақырыптарына арналды.

Сондай-ақ, облыстық клиникалық аурухананың кеңесші дәрігерлері профессорлар Бегайдарова Роза Хасановна, Алшынбекова Гүлшарбат Канагатовна және Ким Антонина Аркадьевна да төсбелгілермен марапатталды.