Облыстық клиникалық аурухананың № 1 перинаталдық орталығы «Беделді перзентхана» номинациясында жеңімпаз атанды - үлгілі деп танылды! Орталық басшысы марапатты бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінен алды. Бұл атақ республикалық деңгейде жоғары сенім мен мойындалудың дәлелі.

Облыстық клиникалық аурухананың барлық орталықтарының әкімшілігі мен ұжымы № 1 перинаталдық орталықты «Үлгілі перинаталдық орталық» мәртебесі атағымен құттықтайды. Бұл дәрігерлердің, акушерлердің, мейіргерлердің және барлық қызметкерлердің күнделікті еңбегінің нәтижесі.
Біздің перинаталдық орталықты таңдаған ата-аналарға зор алғысымды білдіремін!